Ақтауда ботаникалық бақтардың жай-күйі талқыланған халықаралық семинар өтті

Ақтауда «Ботаникалық бақтардың коллекция қорлары және оларды климаттың өзгеруі мен антропогендік әсер ету жағдайына байланысты ұтымды пайдалану» атты халықаралық ғылыми семинар өтті. Оған Ресей, Беларусь, Әзірбайжан және Қазақстанның ботаникалық бақтарының басшылары мен сарапшылары қатысты. Олар өз аймағындағы бақтардың ерекшеліктеріне тоқталды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

 

 

Шараның негізгі мақсаты – алуан түрлі өсімдіктердің сақталуы мен көбеюіне назар аудару. Климаттық жағдайдың өзгеруіне байланысты флораны ұтымды пайдалану. Осы ретте Беларусь, Ресей, Әзірбайжаннан келген қонақтар өз еліндегі ботаникалық бақтардың жетістігі мен келешегі жөнінде айтты. Өзара байланыс орнату мақсатында тәжірибесімен бөлісті. Беларусь Республикасының ботаникалық бақтар кеңесінің төрағасы Владимир Решетниковтың айтуынша, ботаникалық бақ — елдің маржаны, ұлттың қазынасы. 1932 жылы құрылған Беларусь орталық бағы өсімдіктерді өсіріп, оны зерттеумен қатар ботаникалық білімді насихаттап келе жатыр.

 

 

«Бүгінде орталық бақта барлығы 255 қызметкер жұмыс істейді. Оның 108-і зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бақта 15 196 тірі өсімдіктің үлгісі бар. Оны 40 ботаникалық жиынтыққа бөлдік. Қазіргі таңда өсімдіктер Минсктің 92,8 га ашық алаңында және Ганцевичи ауданындағы 44,3 га жерді алып жатыр. Ал субтропикалық және тропикалық өсімдіктердің жиынтығы ғылыми-өндірістік жылыжайларда 1,8 мың шаршы метр аумақта орналасқан. Өсімдіктердің in vitro жағдайындағы коллекциялары 46 шаршы метр арнайы жабдықталған үй-жайларда сақталады. Өсімдіктер газ тәрізді күкірт қосылыстарын, сутегі сульфидін, аммиак, азот оксидтерін, формальдегидтерді, ауыр металдарды және қоршаған ортаның басқа ластауыштарын сіңіреді. Ауаны тазартып, ылғалдандырады және желдің жылдамдығын азайтады», — дейді Беларусь Республикасының Ботаникалық бақтар кеңесінің төрағасы Владимир Решетников.
 

Толық ақпаратты Маңғыстау медиа сайтынан оқыныз

Подбронее читайте по ссылке https://mangystaumedia.kz/29/80249/

читать дальше