KAZAKHSTAN JOURNAL OF BOTANY
Журнал саясаты

«Kazakhstan Journal of Botany» журналының редакциялық этика принциптері

Ғылыми жарияланым этикасы — бұл ғылыми мақалаларды әзірлеу, тарату және пайдалану процесінде авторлар, рецензенттер, редакторлар, баспагерлер және оқырмандар арасындағы кәсіби мінез-құлықтың нормалар жүйесі.
«Kazakhstan Journal of Botany» ғылыми басылымы жариялау процесінің жоғары стандарттарын сақтай отырып, COPE (Жарияланым этикасы жөніндегі комитет), ICJME (Медициналық журнал редакторларының халықаралық комитеті) сынды халықаралық ұйымдар белгілеген этикалық қағидаттарды ұстанады.


Рецензенттің этикалық қағидаттары:

  • Рецензентке ұсынылған қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы тиіс және оны үшінші тұлғаларға көрсетуге немесе талқылауға болмайды.
  • Бағалау объективті және дәлелді болуы тиіс. Авторды жеке сынауға жол берілмейді.
  • Қолжазбадан алынған жарияланбаған мәліметтер жеке мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
  • Егер рецензент өз білімінің жеткіліксіз екенін немесе мүдделер қақтығысы барын сезсе (мысалы, авторлармен немесе ұйыммен), ол бұл туралы мүмкіндігінше тез арада редакторға хабарлауы керек.


Авторлар ұстануға тиіс негізгі қағидалар:

  • Автор(лар) зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен шынайылығы үшін толық жауапты. Жалған немесе әдейі бұрмаланған деректер жариялануға жатпайды.
  • Ұсынылған зерттеу толықтай түпнұсқа болуы тиіс. Қайнар көздер мен авторлар міндетті түрде көрсетілуі керек.
  • Плагиаттың барлық түрі — рұқсатсыз мәтін көшіру, дұрыс рәсімделмеген дәйексөздер, басқа зерттеулердің нәтижелерін иемдену — этикалық емес және жол берілмейді.
  • Мақалада зерттеуге ықпал еткен барлық тұлғалардың еңбегі тиісті түрде аталып өтуі керек.
  • Авторлар қолжазбаны бір мезгілде басқа журналға жібермеуі тиіс.
  • Мақала авторлары ретінде тек нақты үлес қосқан тұлғалар көрсетілуі керек.


Оригиналдылық пен плагиат:

Авторлар түпнұсқа жұмыс жазғанына сенімді болуы керек.
  • Егер басқа еңбектерден үзінді алынған болса, олар дұрыс рәсімделіп, дереккөзі көрсетілуі тиіс.
  • Плагиаттың кез келген түрі — мәтін көшіру, рұқсатсыз перефразалау, бөтен нәтижелерді иемдену — этикалық емес және қабылданбайды.

Редакциялық алқаның міндеттері:

COPE ұсынған редакторларға арналған үздік тәжірибелерге негізделген.
  • Журнал редакторы ұсынылған мақалалардың қайсысы жариялануға лайық екені туралы шешім қабылдайды. Бұл шешім мақаланың ғылыми құндылығы мен зерттеушілерге маңыздылығы негізінде қабылдануы тиіс.
  • Редактор журнал саясаты мен заңнама талаптарын басшылыққа алуы қажет (жала жабу, авторлық құқықты бұзу және плагиат мәселелері бойынша).

Ақпаратты жариялау және мүдделер қақтығысы:

  • Қолжазбада келтірілген жарияланбаған материалдар автордың жазбаша келісімінсіз редактордың жеке зерттеулерінде қолданылмауы тиіс.
  • Құпия ақпарат пен идеялар рецензиялау процесі аясында алынған жағдайда, жеке мақсатта қолдануға болмайды.
  • Редакторлар мүдделер қақтығысы бар қолжазбаларды қараудан бас тартуы керек және бұл жағдайларды шешу үшін басқа редакторларды тартуы тиіс.
  • Барлық тараптар мүдделер қақтығысын ашық көрсетуге міндетті.


Авторлық құқық:

  • Авторлар өз еңбегіне авторлық құқықты сақтайды және мақаланы кез келген репозиторийге орналастыруға құқылы.
  • Жұмыс ашық таратуға және бейімдеуге рұқсат етіледі, бірақ авторлық құқық сақталып, барлық өзгерістер көрсетілуі тиіс.