Бақтың тарихы
Маңғышлақ экспериментаьдық ботаникалық бағы Батыс Қазақстандағы экстрааридті табиғи-климаттық жағдайларда отандық және әлемдік флораның гендік қорын жұмылдыру мәселелері оның міндеттері болып табылатын жалғыз ғылыми ұйым болып табылады

Маңғышлақ экспериментальдық ботаникалық бағы стационарлық экспедиция негізінде, КСРО Министрлер Кеңесінің Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1970 ж 01.12 №61 шешімімен, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 09.03.1971 ж. №129 Қаулысымен және ҚазКСР Ғылым Академиясы Төралқасының 25.03.1971 ж. №59 Қаулысымен Шевченко (қазіргі Ақтау қ.).қаласында құрылды.
Бақтың негізгі жұмысы1972 жылдың қаңтарынан басталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.07.2005 ж. №745 қаулысымен Маңғышлақ экспериментальдық ботаникалық бағы жалпы ауданы 39 га жер құрайтын "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне" енгізілді.
Маңғыстаудыңшөлейт аймағында өсімдіктер коллекциясының бірегейлігі бойынша халықаралық реестерге кіріп, Халықаралық ассоциация Ғылым академия жанындағы ТМД елдерінің ботаникалық бақтар кеңесінің және өсімдіктер қорғау бойынша Халықаралық ботаникалық бақтар кеңесінің мүшесі


МЭББ-ның негізгі ғылыми бағыттары:
- Батыс Қазақстанның шөлді аймағының экстремальды табиғи жағдайларында құрылған өсімдіктердің бірегей коллекциялық қорын сақтау және дамыту;
- Қазақстандық Каспийдің құрғақ жағдайында өсімдіктерді мәдениетке енгізу және акклиматизациялауда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Өсімдіктерді қорғаудың (in situ және ex situ) және өсімдік шикізатын басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу.
- Сирек, жойылып кету қаупі бар және экзотикалық өсімдіктердің мәдениеті жағдайында қорғау және өсімін молайту
- Өсімдіктердің топтамаларын, тұқымдық және гербарий қорларын құру, өсімдіктердің өндірістік ассортиментін әзірлеу;
- Өсімдіктердің интродукциялық көшетжайын жасақтау, тұқым және өскін материалдарын өсіру және сату үшін ашық және жабық топырақтың репродуктивті көшетжай базасын дамыту;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимдерін ұйымдастыру және іске асыру.

Made on
Tilda