Құрметті маңғыстаулықтар және өңір қонақтары!Ботаникалық бақ — ашық аспан астындағы тірі табиғат мұражайы.Есіңізде болсын: сіз Жер шарының алуан түрлі өсімдіктер әлемін таныстыратын бірегей коллекциясы бар ерекше қорғалатын аумаққа аяқ бастыңыз.
Маңғыстаудың аса құрғақ (экстрааридты) жағдайларында орналасқан бұл керемет ботаникалық бақты
болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу үшін оны ұқыпты сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
- Анықтамалық ақпарат Мемлекеттік ботаникалық баққа келушілерге арналған ережелер мен тәртіп:Келушілер қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті;
- Жасыл желектерге ұқыпты қарау қажет. Бақ аумағында тыйым салынады:
- кез келген өсімдіктерді, гүлдерді, жемістерді, жидектер мен саңырауқұлақтарды жұлуға, қазып алуға және жинауға;
- газондармен жүруге, белгіленбеген жолдармен жүруге;
- газондар мен шөп жамылғысына жатып демалуға немесе ойнауға;
- үй жануарларын серуендетуге;
- велосипедпен, роликпен, скейтбордпен жүруге;
- от жағуға, қоқыс қалдыруға;
- дыбыс күшейткіш құрылғыларды пайдалануға;
- алкогольді ішімдіктер ішуге.
Әкімшілік келушілерден жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтауды өтінеді.Бекітілген тәртіптерді бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
жауапкершілікке тартылады.