ЖОБА: «Маңғыстаудың аридтік жағдайында жеміс-жидек және ағаш-бұта сәндік өсімдіктерінің отырғызу материалдарын контейнерлік әдіспен өсіру технологиясын көгалдандыру, фитомелиорация және бау-бақша шаруашылығы тәжірибесіне коммерцияландыру»

Жобаның мақсаты – Маңғыстау шөлінің аридтік жағдайында жеміс-жидек және ағаш-бұта сәндік өсімдіктерінің отырғызу материалдарын контейнерлік әдіспен өсіру технологиясын көгалдандыру, фитомелиорация және бау-бақша шаруашылығы тәжірибесіне енгізу.
Маңғыстау шөлейт аймағының аридтік жағдайларына бейімделген жабық тамыр жүйесі бар ағаш өсімдіктері көшеттерін өсірудің ұсынылып отырған технологиясы (ПМЗК) зертханалық-далалық тәжірибелердің тұтас сериясын жүргізу нәтижесінде МЭБС-та (Ақтау қ.) ғылыми негізделіп, 2014–2017 жылдары 30 мыңнан астам отырғызу материалын өсіру мысалында сынақтан өткізілді.
Әзірленген технология өндірістік ағаш-бұталы питомник ауқымында енгізуге толық дайын және келесі агротехникалық әрі экологиялық-биологиялық элементтерді қамтиды:
  1. топырақтың суару алдындағы ылғалдылық деңгейін толық далалық ылғал сыйымдылығының 70–80% шегінде сақтау;
  2. өсімдік және шымтезек топырағын араластыру;
  3. ай сайын кешенді минералды тыңайтқышпен қоректендіру;
  4. заманауи ылғал сақтаушы материалдарды пайдалану;
  5. аридтік жағдайларға бейімделген әрі жоғары сәндік қасиетке ие ағаш-бұталы өсімдіктер ассортиментін (95 атау) қолдану.

КОНТЕЙНЕРЛІК ӘДІСТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Жоғары сапалы отырғызу материалын өсіру мерзімін қысқарту;
  • Көшеттердің жерсіну деңгейінің және кейінгі сақталуының жоғары болуы;
  • Аязсыз кезеңнің бүкіл мерзімі бойы отырғызу жұмыстарын жүргізу уақытын едәуір кеңейту;
  • Отырғызу материалын жергілікті суару есебінен тапшы суару суын үнемдеу;
  • Құнарлы топырақ субстратын пайдалану арқылы интродуценттердің құрғақшылыққа және тұзға төзімділігін арттыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  1. Жалпы аумағы 2,0 га болатын заманауи контейнерлік питомниктің жобасы әзірленіп, құрылатын болады;
  2. Питомникте жаппай көбейтуге перспективалы ағаш өсімдіктерінің ассортименті іріктелетін болады;
  3. Контейнерлік питомник өнімдеріне кең көлемді жарнама, аймақтық баға мониторингі және сұранысқа талдау жүргізілетін болады;
  4. Жабық тамыр жүйесі бар қылқанжапырақты, жапырақты, жеміс және өрмелегіш ағаш өсімдіктерінің көшеттері өсіріліп, сатылатын болады.